Skip to content

Мектеп тарихы

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
Мектептің жаңа ғимараты 2006 жылы 430 оқушыға лайықтап салынған.
90 жылда мектептен талай-талай түлек орта білім алып шықты. Мектепте қазіргі таңда 135ұстаз еңбек етеді. Олардың 134 жоғары білімді, 1-ы арнаулы білімділер.
Ұжымда ішкі мәдениеті жағымды әлеуметтік психологиялық ахуал қалыптасқан. Мектеп оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде.
Мектептің толық атауы: №6 М.Сужиков атындағы орта мектебі
Мекен жайы: Жанадилов көшесі, №7
Телефон: 27-77-94
E-mail: Kyz_school6@mail.ru

№6 орта мектеп 1925 жылы ашылған. Алғашқы Ташкент темір жолына қарасты И.Сталин атындағы №7 орта мектеп болып ашылған болатын. Темір жол Алматы темір жолы болып қайта құрылуына байланысты мектеп №409 Карл Маркс атындағы мектеп болып өзгертілді. Ал, 1977 жылы Батыс Қазақстан темір жолы құрылып, мектеп соған қарауына байланысты №409 орта мектеп №6 болып атала бастады.
Темір жол торабы бойынша №6 мектеп 1925 жылдан 1977 жылдар аралығында ең таңдаулы, үлгілі мектептердің бірі болды. бұл уақыт аралығында Никулина Т.И., Агафонов А.С., Куликовский Л.Н. сияқты тамаша, іскер адамдар мектеп директоры болып қызмет атқарды.
Қызылорда облысының Батыс Қазақстан темір жолы бойындағы барлық елді мекен тұрғындарының балалары осы №6 мектепте оқыды.
Мектепті 1960-90 жылдары Куликовский Л.Н. басқарған кезде 30 жыл бойы үлгілі мектеп ретінде танылып келді. Бұл мектепті бітірген түлектер Кеңес Одағының ең таңдаулы деген жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері мол болды. Сондықтан бұл мектепті бітірушілер Москва, Ленинград, Новосибирск, Томск, Рига, Алматы қалаларындағы ең күшті жоғары оқу орындарына түсіп, оны бітіріп шықты.
Мектепте СССР халық ағарту ісінің үздіктері: Куликовскй Л.Н., Григоров Ю.Н., Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің үздіктері: Зисер А.И., Хон И.П., Даняев Л.А., Малькова Т.Ф., Ли Г.И., Грицкова В.А., Лучинкина В.Ф. ұстаздық етті.
Мектеп директоры Л.Н.Куликовский жас мұғалімдерді тәрбиелеуде өзінің білімін, ақыл ойын бар күшін жұмсады. Бүгінде қалада еңбек етіп жүрген көптеген мұғалімдер өздерін Л.Н.Куликовскийдің шәкірттеріміз деп санайды. Л.Н.Куликовскийдің тәрбиесінен шыққан мұғалімдер: О.Безрукова, Н.Байназарова, Л.Федосеенко, Л.Ким, А.Шагирбаева, Л.Назырова тағы басқалары бүгінде білім саласында жемісті еңбек етуде.
Мектеп өз түлектерінің ішінен шыққан Кеңес Одағының батырлары Г.Н.Ковтунов, И.В.Андрианов, О.Лукомскийлерді мақтаныш етеді. Осындай нағыз өз Отанының патриоттарын тәрбиелеп шығарғандарын өздері үлкен мәртебе тұтады.

1996-2004 жылдары мектепті Л.А. Қожаниязова басқарады. Ол өзіне дейінгі жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны ендіру жұмыстарын жалғастырды.

2004 жыл 10 қазан 2013 жыл 13 қараша аралығында мектеп директоры Ізбасова Алтын Болатқызы өзінің инновацияға құштарлығымен, жаңалыққа жақындығымен ерекшелене басқарып отырды.

2013 жыл 13 қарашадан бастап мектеп директоры қызметін Боданов Ерлан Тенизбаевич атқарды.

2019 жыл 6 тамыздан бастап мектеп директоры қызметін Сеилханов Асылбек Амиржанович атқаруда.
Техникалық төлқұжаты бар. Мектеп жалпы алаңы 5313,78 м2, жұмыс алаңы 4862,46 м2.
Мектеп ғимараты 2006 жылы қаңтар айында іске қосылған, типтік жоба бойынша 430 орындық, 3 қабатты. Мектеп сумен, жылумен орталықтандырылған жүйеде қамтамасыздандырылған. Мектеп жарық әрі жылы. Мектеп ауласы талапқа сай қоршалған. Мектеп ауласында баскетбол, футбол, волейбол, әскери даярлық алаңдары, мектепте медициналық қызметке байланысты арнайы бөлме жұмыс жасайды. Бөлмеге медициналық жабдықтар алынған.
Мектеп тамақтану орнымен қамсыздандырылған. Асханаға жабдықтау жұмыстары жүргізілген. Білім беру ұйымында 80 орындық асхана жұмыс жасайды, оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Асхана құрал-жабдықтармен, тамақ ішетін орын, ас әзірлеу орны, азық-түлік сақтау қоймаларымен қамтамасыз етілген. Оқушылар тұтынатын азық-түлікке, тамақтарға рұқсат етілген, сертификатталған өнімдер пайдаланылуда, ас мәзірлері бекітілген.
Мектеп екі кезекте жұмыс істейді және бес күндік оқу аптасына негізделген

Сабақ ұзақтығы – 45 минут
Қазіргі таңда білім алушылардың саны – 872, мектепалды даярлық топта – 31,.
Ауысымдар саны – 2, ондағы сыныптар саны – 49 комплект.
1 – ауысым – 20 сынып – 434оқушы
2 – ауысым – 17 сынып – 438 оқушы ,
1-4 сыныптардағы білім алушылар — 353,
5-9 сыныптағы біліс алушылар — 444,
10-11 сыныптағы білім алушылар — 75

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.



Қызылорда қаласының қалыптасу тарихына зер салсақ, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818 жыл, Перовск –1853 жылы, қайтадан Ақмешіт – 1922 жылы,Қызылорда – 1925 жылы) әр кезеңде Сыр бойы атырабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасқанын көреміз. ХХ ғасырдың басында Перовск қаласының тарихында ерекше оқиға болды. Ол – Орынбор – Ташкент теміржолының салынуы еді. Осы жолдың салынуына байланысты қалада станция, вокзал, депо, вагондар жөндеу бөлімшесі, азық-түлік, жүк қоймалары, паравоздарға су құятын қойма, Сырдан су айдайтын станция, теміржолшыларға тұрғын үйлер, әкімшілік үйлер, т.б. салынды. Жұмысшылар қатары күрт өсті. Бұл қаланың дамуына үлкен әсерін тигізді. ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси, тарихи оқиғаларға белсене араласқан Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейхан 1905 жыл жөнінде «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» деп жазған екен. Кеңестік жүйенің бірден бір саяси-идеологиялық ағарту орталығы әсіресе мектептер болды. Перовск қаласында орысша оқытатын алғашқы мектептер 1860-1863 жылдары ұйымдастырыла бастаған еді. 1905-1907 жылдары осы темір жолдың бойынан әскери қызметкерлер мен оның отбасы мүшелеріне арналған медициналық көмек көрсетуге және емдеуге арналған Перовск әскери лазареті салынды. 1907 жылдан бастап емдеу орны аурулар қабылдай бастады. Министрліктің ықпал етуімен жүйке аурулары емханасы орналастырылады да, ішкі көрінісі ауруханадан гөрі казарманы анық білдіретіндіктен, 1909 жылдың соңына қарай қайта  өндеуден өткізіледі. Қазіргі №6 М.Сужиков атындағы орта мектеп ғимаратының тарихы осылай басталды.

1919 жылы Орынбор қаласында ашылған Қазақстанның Оқу-ағарту институты 1925 жылы Қызылорда қаласына көшті де, педагогикалық кадрлар даярлау  жұмыстарымен қатар халық ағарту жұмысының жалпы мәселелерін тексеріп шешу, жаңа мектептің идеяларын халық арасында тарату міндеттерін де қоса атқарды. 1925 жылы мектеп-интернаттардың жұмысы басталғанда теміржол бойындағы бастапқы әскери лазерет ғимараты теміржол жұмысшыларының балаларына арналған білім ошағы ретінде Ташкент теміржолына қарасты №7 И.Сталин атындағы орта мектеп болып ашылды. 1954 жылы Алматы темір жолының құрылуына байланысты мектеп атауы №409 К.Маркс атындағы орта мектеп болып өзгертілді. 1977 жылы Батыс Қазақстан темір жолына қарасты болды да, №6 К.Маркс атындағы орта мектеп болып аталды. Ел Тәуелсіздігін алған 1990 жылдары Қазақстан бойынша теміржолға қарасты мектептер жабылып, жергілікті білім бөлімдерінің қарауына өтті. 2016 жылы ҚР Үкіметінің 23 желтоқсандағы №842 қаулысымен Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты №6 орта мектепке Мұхамедғали Сужиков аты берілді. Архив деректеріне назар аударсақ, К.Маркс атындағы №7 мектептің ведомость құжаттарынан 1929 жылы мектеп меңгерушісі Родя Яков болғанын көреміз.

1930 жылдары мектептің меңгерушісі (мектеп басшысы – ред.) Дарья Теплова болған. Бұл жылдары мектепте И.А.Завалока, Ф.Зобнин, О.Зигель, Н.Негаева, Х.Ашимов, Л.Озерова, А.П.Консевников, Б.В.Попов, Я.В.Левентов, П.К.Десятерик, О.М.Зигель, Ғ.Л.Мақсұтов, П.П.Сосин, Н.И.Шабанов, Ю.Л.Крокалева, Л.Тарасенко, Т.Лесовая, Н.А.Голоднова, О.И.Унгебаур, Н.И.Гайниева, М.Князова, есімді педагогтар мен мұғалімдер жұмыс істеген. 1953-1954 оқу жылында мектепте 800-ге жуық оқушы білім алды.

1977-1990 жылдары Қызылорда облысының Батыс Қазақстан теміржолы бойындағы барлық елді мекен тұрғындарының балалары осы №6 орта мектепте білім алды. Мектеп бітіруші түлектердің Кеңестер Одағының ең таңдаулы деген жоғары оқу орындарына түсуге үлкен мүмкіндігі болды. Сондықтан мектеп бітірушілердің дені Мәскеу, Ленинград, Новосибирск, Томск, Рига, Алматы қалаларында орналасқан жоғары оқу орындарында оқыды. Мектеп өз түлектерінің қатарында Кеңес Одағының батырлары Г.Н.Ковтунов, И.В.Андрианов, О.Лукомскийді мақтан етеді. Осындай нағыз өз Отанының патриоттарын тәрбиелеп шығарғанын үлкен мәртебе санайды.

1960-1990 жылдары №6 орта мектеп теміржол торабы бойынша ең таңдаулы, үлгілі мектептердің бірі болды. Бұл уақыт аралығында мектепті Т.И.Никулина, А.С.Агафонов, Л.Н.Куликовский сынды ұжымның шынайы құрметіне бөленген іскер адамдар басқарды. Мектеп қабырғасында СССР Халық ағарту ісінің үздіктері  Л.Н.Куликовсий, Ю.Н.Григоров, Қазақ ССР Халыққа білім беру ісінің үздіктері А.И.Зисерь, И.П.Хон, Л.А.Данияев, Т.Ф.Малькова, Г.И.Ли, В.А.Грицкова, В.Ф.Лучинкина ұстаздық етті. Мектеп директоры Л.Н.Куликовский жас мұғалімдерді тәрбиелеуде білімі мен ақылын, күш-жігерін сарқа жұмсады. Бүгінде қалада еңбек етіп жүрген көптеген мұғалімдер өздерін Л.Н.Куликовскийдің шәкірттеріміз деп мақтанышпен айтады. Л.Н.Куликовскийдің тәрбиесінен шыққан мұғалімдер: Ли Г.И., Серікбаева А.Ш., Кенбаева Ж.И., Ким Л.Н., Безрукова О.В.,

Шамсутдинова Г.И., Қазанғапова Қ.Н., т.б. білім саласында жемісті еңбек етті.

1996-2004 жылдары мектепті Л.А. Қожаниязова басқарады. Ол өзіне дейінгі жақсы дәстүрді жалғастыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны ендіру жұмыстарын лайықты жалғастырды. 2004 жылдың қазан айынан бастап мектепті басқару ісін қолға алған Ізбасова Алтын Болатқызы өзінің инновацияға құштарлығымен, жаңалыққа жақындығымен ерекшеленді. 2013-2019 жылдары мектепке Ерлан Теңізбайұлы Боданов басшылық етті. 2019-2024 жылдары Асылхан Әміржанұлы Сеилханов басқарды. 2024 жылдан бастап Сардарбеков Ғани Қамбарбекұлы басқарып келеді.