Қыркүйек 2025 жыл
Тақырыбы: «БІЛІМНІҢ КІЛТІ – КІТАПТА»
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасында “Білімнің кілті — кітапта” атты отбасылық кітап оқу көрмесі ұйымдастырылды.
Іс- шараның мақсаты: Оқушылар мен ата-аналардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, отбасылық оқу мәдениетін дамыту, бірлесіп оқу арқылы рухани байланыс орнату.
Көрмеде ертегі, өлең, әңгіме, повесть сияқты түрлі жанрдағы кітаптар қамтылды.
Балалар мен ата-аналар арасында ортақ қызығушылық пайда болып, бірлесе кітап оқуға деген ынта артады. Оқушылардың сөздік қоры мен ойлау қабілеті дамиды. Кітапқа деген оң көзқарас қалыптасады.
https://www.facebook.com/share/v/1B6qrAeF59/?mibextid=wwXIfr
Қыркүйек 2025 жыл
Мектеп кітапханасында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Еліміздің Ата заңының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп көрсетілген. Мемлекеттік тіл – зерделі қазақтың кеудесінен ешуақытта шықпайтын, күн тәртібінен түспейтін мәңгілік тақырып. Халқымыз үшін басты мәселе ұлты, ұлттың тілі, мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, бір сөзбен айтқанда ұлттық құндылықтары. Тіл – біздің ең қымбат қазынамыз. Біздің тіл – әйгілі би-шешендеріміз, атақты Жамбыл, Абай, Мұхтар, Ілияс сынды данагөйлеріміз сөйлеген тіл. Туған тілімізді жете білу арқылы өнер-білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жете аламыз. Көрмеге кітапхана қорындағы тілге байланысты әдебиеттер мен ғаламтор беттеріндегі қызықты мәліметтер орын алды.
Қыркүйек 2025 жыл
Мектеп кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай деп соққан жүректер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Абайдың әлемдік әдебиет пен философияға қосқан үлесін көрсету, ақынның рухани мұрасын сақтап, келер ұрпаққа жеткізу. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани қазынамызға қосқан үлесі шексіз. Оның шығармалары Қазақстаннан тыс елдерде де кеңінен танымал. Абай артында баға жетпес мұра қалдырды. Ақынның туындылары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. Ол – жанр жағынан алуан түрлі философиялық, адамгершілікке толы лирика, сатиралық өлеңдер, махаббат жырлары мен поэмалар. Оқырмандар назарына ақынның көркем шығармалары, таңдаулы өлеңдер жинақтары мен «Қара сөздері» ұсынылды.


Қазан 2025 жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Отбасымен оқимын» – бұл отбасы мүшелерінің кітап оқуды ортақ іс-әрекетке айналдыруға, рухани байлықты бірге арттыруға және сапалы отбасылық уақытты өткізуге бағытталған мәдени-тәрбиелік бастама.
Мақсаты:
-Бірлікті нығайту: Кітап оқу барысындағы талқылаулар мен пікір алмасулар арқылы ата-ана мен бала арасындағы эмоционалды байланысты күшейту.
-Тәрбиелік құндылық: Балаларға кітапқа деген сүйіспеншілікті және оқу мәдениетін қалыптастыруда үлкендердің үлгі болуы.
-Ой-өрісті кеңейту: Әр отбасы мүшесінің білімін, сөздік қорын және сыни ойлау қабілетін дамыту.Тиімді бос уақыт: Теледидар мен ғаламтордан тыс уақытты мазмұнды әрі пайдалы іспен өткізуге шақыру.
-«Отбасымен оқимын» – тек кітап бетін аудару ғана емес, бұл – отбасылық дәстүр, рухани азық және өзара түсіністікті арттыратын маңызды әлеуметтік құбылыс.
https://www.facebook.com/share/v/1BMkPcUYeB/?mibextid=wwXIfr
Қазан 2025 жыл
Тақырыбы: Ертегі еліне саяхат
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіну, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауыз екі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет,тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Қараша 2025 жыл
Тақырыбы: САПАРҒАЛИ БЕГЕЛИННІҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САҒАТ
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасы жүзеге асырылды.
Танымдық сағаттың мақсаты: Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру; Жазушының балалар әдебиетіне қосқан үлесін көрсету; Оқушылардың әдебиетке, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және адамгершілікке тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар Сапарғали Бегалиннің өмір жолымен танысып, ақынның шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеді. Оқушылар ақынның терең ойға толы өлеңдерінен үзінділер оқып, шығармашылығынан видеоролик көрсетілді. Апта дәйексөзі ретінде «Әділдік пен жауапкершілік – бір тұтас ұғым» тақырыбы таңдалып, оқушыларға толық түсіндірілді. Осы іс-шара арқылы балалардың әдебиетке деген қызығушылығы мен адамгершілік тәрбиесі нығая түсті.
Қараша 2025 жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, ғалым, жазушы және қоғам қайраткері Малик Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты:
-Оқушыларды көрнекті қазақ ойшылы мен патриотының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
-Оқушылардың бойында тарихи тұлғаларды құрметтеуге, өз халқының батырлары үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
-Отандық әдебиет пен тарихты оқуға және зерттеуге деген қызығушылықты ояту.
Көрмеде Малик Ғабдуллиннің әскери және ғылыми жолын бейнелейтін кітаптар, мақалалар, фотоматериалдар ұсынылды. Кітапханашы оның Ұлы Отан соғысына қатысуы, ғылыми қызметі және Қазақ әдебиеті мен білімінің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.
Желтоқсан 2025жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздігім – тұғырым» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың еліміздің Тәуелсіздігі туралы білімін кеңейту, отансүйгіштікке, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу, тарихи сананы қалыптастыру.
Көрменің мазмұны мен құрылымы:
1. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен рәміздері туралы әдебиеттер
-Елбасы мен қазіргі Президенттің Тәуелсіздікке қосқан үлестері
— Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдері мен тарихи шешімдер
— Мемлекеттік рәміздер туралы танымдық материалдар
2. Желтоқсан оқиғасына арналған бұрыш
— 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһармандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, т.б. туралы деректер
— Олардың өмірбаяны, ерлігі туралы қысқаша ақпараттар мен фотосуреттер
3. Патриоттық әдебиеттер мен поэзия
— Мұқағали Мақатаевтың «Отан» атты шығармасы
— «Тәуелсіздік жырлары» атты өлеңдер жинағы — Қазақстан туралы прозалық және поэзиялық еңбектер
4. Қазақ хандығынан бастап қазіргі заманға дейінгі тарихи еңбектер
— «Менің Отаным – Қазақстан»
— «Қазақстан тарихы»
— «Астана тарихы», «Ел ордасы–Нұр-Сұлтан» кітаптары
5. Тұлғалар тағылымы мен ерлікке тағзым
— Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлар мен қоғам қайраткерлеріне арналған өмірбаяндық деректер
— Ерлікті үлгі еткен тақырыптық бұрыштар: «Ер есімі – ел есінде», «Тарихта қалған тағдырлар»
Қорытынды: Көрме – жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті, ұлттық рухты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Тәуелсіздігім – тұғырым» атты көрме арқылы оқушылар Тәуелсіздіктің қадірін ұғынып, ел тарихына құрметпен қарауға үйренеді. Бұл – өткенге тағзым, болашаққа аманат.
https://www.facebook.com/share/r/1FkqrtFYTB/?mibextid=wwXIfr
Желтоқсан 2025жыл
№6 орта мектеп кітапханасында даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күніне орай ақпараттық сағат өтті.
Бауыржан Момышұлы – соғыс тактикасын меңгерген стратег қана емес, сонымен бірге ұлттық рухты биік қойған қаламгер. Оның «Ұшқан ұя», «Мәскеу үшін шайқас» туындылары әрбір жастың үстел үсті кітабы болуы тиіс.
Кітапханамызда батырдың өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Барлық оқырмандарды ерлікке толы туындылармен танысуға шақырамыз!
https://www.facebook.com/share/v/17JnXfXS6T/?mibextid=wwXIfr
Қаңтар 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен
Қыста оқы, ойлан, арманда тақырыбында оқушылар өздері оқыған әдеби және ертегі кітаптарға бейнеролик түсірді.
Мақсаты: Қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақытын пайдалы өткізу.
https://www.facebook.com/share/r/168dB8wigT/?mibextid=wwXIfr
Қаңтар 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір кітап – мың идея» атты оқырмандар конференциясы өтті. Іс-шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту және оқылған шығарма арқылы жаңа идеялар мен шығармашылық ойлауды дамыту. Көркем әдебиетті талдау арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту. Оқылған шығармалардан алған әсерлерімен бөлісу және жаңа идеяларға жол ашу.
1. Кіріспе бөлім: «Бір кітап – мың идея» айдарымен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталды.
2. Талқылау кезеңі: Оқушылар өздері оқыған сүйікті кітаптары туралы баяндап, шығарманың негізгі түйінін ортаға салды. Сөредегі ұсынылған жаңа әдебиеттерге шолу жасалды.
3. Кері байланыс: Қатысушылар пікір алмасып, алдағы уақытта оқуға ұсынылатын кітаптар тізімін жасады.
Қорытынды: Шара барысында оқушылар тек ақпарат алып қана қоймай, өз ойларын еркін жеткізуді, аудитория алдында сөйлеуді және өзгелердің пікірін тыңдауды үйренді. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қойылған мақсатына жетті.
https://www.facebook.com/share/v/1AZcSGiEn4/?mibextid=wwXIfr
Қаңтар 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасында «Мен оқитын мектеп – оқуға құштар мектеп» тақырыбында Book Talk форматындағы ашық алаңы шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру және білім алуға ынталандыру.
Аталған шараға 8-сынып және 10 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздері оқыған көркем әдебиеттері туралы ой бөлісті, кітап мазмұнына талдау жасап, алған әсерлерін ортаға салды. Book Talk барысында оқушылардың еркін сөйлеу, сыни ойлау, пікір білдіру дағдылары дамытылды. Бұл Book Talk мектептің «Мен оқитын мектеп – оқуға құштар мектеп» қағидатын жүзеге асырып, оқуды трендке айналдыруды, кітапханаға оқушыларды тартуды және тұрақты оқырман қауым қалыптастыруды көздейді.
Ашық алаң форматында өткен іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, мектепте «оқуға құштар орта» қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
https://www.facebook.com/share/v/17owKTVWVy/?mibextid=wwXIfr
Ақпан 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» аясында Мұқағали Мақатаевтың 95 жыл толуына орай «Мұқағали – поэзия Хантәңірі» атты танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. М.Мақатаевтың өлеңдері арқылы жас ұрпақты ерлікке, туған жерді, адамзатты сүюге, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Достықты, сүйіспеншілікті, махаббатты бағалауға тәрбиелеу, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Аталған іс-шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі және 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Ақынның өмір жолына шолу жасалып, оқушылар белсене қатысты, ақынның поэзиялық өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Мұқағали поэзиясы таусылмайтын қайнар бұлақ, ол – поэзияның Хантәңірі. Ақынның өзі өлгенімен, артына қалдырған отты жырлары өлген жоқ, қайта жалындап бірнеше кітап болып, жыр сүйер халқымен табысып, мәңгілік өмірін жалғастыруда. Мұқағали сияқты ұлылар тарихқа бір-ақ рет келеді. Бірақ тарихта мәңгі қалады. Халқымен бірге жасайды, асыл мұрасы қалың елінің қимас сырласына, мұңдасына, ұрпақты тәрбиелеудің өнегесіне айнала береді. Өйткені Мұқағали — күллі қазақтың мақтанышы.
https://www.facebook.com/share/v/18CRbQx8Md/?mibextid=wwXIfr
Ақпан 2026жыл
«Кітап сыйла — ізгілік тарат» акциясы М.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектебімізде ерекше игі шара өтті.
Өткізілген уақыты: 2026 жыл, 9-13 ақпан аралығы
Уақыты: 10:00
Өткізілген орны: Мектеп кітапханасы
Мақсаты: Оқушылардың мектеп кітапханасының қорын байытуға үлес қосуын ұйымдастыру және кітап оқу мәдениетін көтеру.
Іс-шара барысында:
Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын кітапханаға тарту етіп, мектептің алтын қорын жаңа әдебиеттермен толықтырды.
Арнайы дайындалған «Ізгілік ағашына» оқушылар өздерінің ақ тілектері мен кітап туралы жылы лебіздерін қалдырды.
Шара барысында оқушылар арасында кітапқа деген сүйіспеншілік пен ізгілік құндылықтары кеңінен насихатталды.
Акция соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, кітапханаға деген құрметтерін білдірді.
https://www.facebook.com/share/v/1E4P2paFwZ/?mibextid=wwXIfr
Наурыз 2026жыл
«Жыр алыбы — Жамбыл»
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен мектебімізде айтулы іс-шара өтті.
Өткізілген уақыты: 2026 жыл, 3 наурыз
Уақыты: 12:00
Өткізілген орны: Мектеп кітапханасы
Мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойын ұлықтау, оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау.
Іс-шара барысында:
-Топтық сайыс: Оқушылар екі топқа бөлініп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шығармашылық эссе жазды.
-Викторина: Оқушылар ұлы жырау туралы қызықты викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сарапқа салды.
-Марапаттау: Іс-шараға белсене қатысып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапатталды.
-Шара соңында қатысушылар жыр алыбына деген құрметтерін білдіріп, естелік суретке түсті.
-Жамбыл Жабаев: «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді». 180 жылдық мерейтой аясында өткен бұл танымдық шара оқушылар үшін үлкен рухани азық болды.
https://www.facebook.com/share/v/17HxHxbFGx/?mibextid=wwXIfr
Наурыз 2026жыл
«Алаш рухы – оқылған кітапта»
М.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектебінде ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған танымдық іс-шара өтті.
Уақыты: 10 наурыз, 2026 жыл
Орны: Мектеп кітапханасы
Іс-шара барысында:
-Кітап көрмесі: Оқушылар Әлихан Бөкейханның бай мұрасымен және «Алаш» тарихымен танысты.
-Эссе сайысы: Жастар «Әлихан салған сара жол» тақырыбында өз толғаныстарын жазып, ұлттық рухын танытты.
-Викторина: Ұлт қайраткерінің өмірі мен қызметіне арналған қызықты сұрақтарға жауап берді.
-«Тілек ағашы»: Оқушылар Әлихан Бөкейханға арнап, ел болашағы мен Алаш аманатына адалдық туралы ақ тілектерін жазып қалдырды.
-Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын».
https://www.facebook.com/share/v/1A8b7F9s94/?mibextid=wwXIfr
Наурыз 2026жыл
«Абай – дана, Абай – дара қазақта»
М.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектебінің кітапханасында мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен ұлы ақын, хаким Абай Құнанбайұлының мұрасына арналған «Өлең – сөздің патшасы» атты танымдық кеш өтті.
Уақыты: 12 наурыз, 2026 жыл
Орны: Мектеп кітапханасы
Іс-шара барысында:
-Танымдық дәріс: Кітапханашы оқушыларға Абайдың өмірі мен ол туралы Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов сынды Алаш арыстарының айтқан пікірлерін таныстырып, ақын мұрасының маңыздылығын түсіндірді.
-Мәнерлеп оқу: Оқушылар ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге» сынды өсиетке толы өлеңдерін жатқа айтып, ақын рухына тағзым етті.
-Ой бөлісу: Кеш барысында Абайдың ғылым мен білім, адамгершілік туралы насихаттары талқыланып, оқушылар ақын шығармаларынан алған әсерлерімен бөлісті.
• Естелік сәт: Шара соңында кітапханашы мен шәкірттер бірлесе естелік суретке түсті.
Абай Құнанбайұлы: «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге»
https://www.facebook.com/share/v/1G61LsxkPT/?mibextid=wwXIfr
Наурыз 2026жыл
ОҚЫРМАНДЫ БІРГЕ ТАҢДАЙМЫЗ: МЕКТЕП ЖӘНЕ ОТБАСЫ
М.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектебінде мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен отбасылық оқуды қолдауға арналған «Үздік оқырман отбасы» атты байқау өтті.
Уақыты: 17 наурыз, 2026 жыл
Орны: Мектеп акт залы / Кітапхана
Іс-шара барысында:
-Кітап көрмесі: «Оқырманды бірге тәрбиелейміз» айдарымен арнайы көрме ұйымдастырылып, «Оқитын отбасы — зияткер ұлт» жобасы таныстырылды.
-Шығармашылық өнер: Оқушылар мен ата-аналар сахнада домбыра тартып, күй төгіп, өз өнерлерін ортаға салды.
-Марапаттау: Кітап оқуды жанына серік еткен үздік отбасылар анықталып, мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-Естелік сәт: Жеңімпаздар мен қатысушылар мерекелік көңіл-күйде естелік суретке түсті.
«Кітап — алтын қазына. Оны отбасымен бірге оқу — үлкен бақыт!»
https://www.facebook.com/share/r/17kbAk6aUz/?mibextid=wwXIfr
Наурыз 2026жыл
КІТАППЕН КЕЛГЕН КӨКТЕМ
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен 19-29 наурыз аралығындағы көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында “Кітаппен келген көктем” тақырыбында кітап оқу шарасы өткізілді.
Шараға 3 “Ә” сынып оқушысы Садықов Ерсұлтан, 7 “А” сынып оқушылары Марат Еркеназ, Төлеміс Еркежан, Русланқызы Адиля, 10 “Ә” сынып оқушысы Нұрмаханова Эльвира өздері көктемгі демалыс кезінде оқыған шығармаларымен бөлісті.
Мақсаты: Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын кітап оқуға бағыттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет арқылы ой-өрісін кеңейту.
https://www.facebook.com/share/v/1B3YC9Rzo8/?mibextid=wwXIfr
Сәуір 2026жыл
«Сиқырлы кітаптар әлемі»
М.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектебінің кітапханасында 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты кең көлемді танымдық көрме өтті.
Уақыты: 2 сәуір, 2026 жыл
Орны: Мектеп кітапханасы
Іс-шара барысында:
-Танымдық көрме: Кітапханада оқушылар назарына «Сиқырлы кітаптар әлемі» атты арнайы көрме ұсынылды. Көрмеге балалар әдебиетінің озық үлгілері, ертегілер, танымдық энциклопедиялар және жас оқырмандардың қиялын ұштайтын түрлі түсті басылымдар қойылды.
-Көрмеге шолу: Кітапханашы оқушыларға көрменің мақсатымен таныстырып, балалар әдебиетінің тарихы мен кітап оқудың пайдасы туралы танымдық мәліметтер берді. Оқушылар көрмедегі кітаптардың ерекшеліктеріне қанықты.
-Оқырмандармен сұхбат: Келген оқушылар көрмеден өздеріне қызықты кітаптарды таңдап алып, ондағы кейіпкерлер мен мазмұнды оқиғалар төңірегінде пікір алмасты. Бұл сәт балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, танымдық көкжиектерін кеңейтті.
-Естелік сәт: Шара соңында оқушылар мен кітапханашы көрме аясында бірлесе естелік суретке түсті.
Нақыл сөз: «Кітап – әлемдегі ең үлкен сиқыр».
https://www.facebook.com/share/r/1A6d3Vu9do/?mibextid=wwXIfr
Сәуір 2026жыл
«ҒАРЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» ТАНЫМДЫҚ ШАРАСЫ
(Қазақ ғарышкерлерінің мерейтойларына арналады)
Өткізілген орны: М.А. Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасы
Шараның мақсаты:
Оқушыларға ғарыш әлемінің құпияларын ашу, сонымен қатар биылғы айтулы даталар — бірінші қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық және халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың 75 жылдық мерейтойларын ұлықтау.
Негізгі бөлімдер:
-Мерейтойлық кітап көрмесі: Кітапханада «Ғарышкердің кітап сөресі» айдарымен арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде Т. Әубәкіров пен Т. Мұсабаевтың өміріне, ғарышқа ұшу тарихына арналған естелік кітаптар мен деректі материалдарға басты назар аударылды. Оқушылар батырларымыздың мерейтойлық белестері туралы құнды мәліметтер алды.
-Интерактивті фотозона: Шара аясында оқушыларға арналған «Зымыран» мен «Ғарышкер» макеттері жұмыс істеді. Балалар өздерін ғарышкер сезініп, батыр ағаларының жолын қууға ниет білдірді. Бұл әдіс оқушылардың тақырыпты терең түйсінуіне көмектесті.
-Танымдық шолу: Оқушыларға мерейтой иелерінің ғарышқа салған сара жолы, олардың төзімділігі мен ғылымға қосқан үлесі туралы әсерлі ақпараттар берілді. Ю. Гагариннің алғашқы сапары мен қазақ ғарышкерлерінің ерлігі арасындағы тарихи сабақтастық баяндалды.
Қорытынды:
Шара жоғары деңгейде өтті! Оқушылар ұлт мақтаныштарының мерейтойлары туралы білімдерін толықтырып, үлкен мотивация алды. Кітапхана ортасы заманауи, интерактивті бағытта мерейтойлық шараны лайықты деңгейде өткізді.
https://www.facebook.com/share/v/1bdorMMHvk/?mibextid=wwXIfr
Сәуір 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен “Бір кітап – бір әлем” тақырыбында мектепішілік видеочеллендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншіліген қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Іс-шараға белсенділік танытып 3”Б”, 5”А”, 7”А” сынып оқушылары өздері оқыған кітаптары туралы бейнероликтер түсіріп, кітаптың мазмұны мен ондағы кейіпкерлер әлемін ерекше форматта таныстырды. Әрбір қатысушы кітап арқылы ашылған жаңа әлеммен бөлісіп, өз ой-пікірлерін шығармашылық тұрғыда жеткізе білді.
Видеочеллендж оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп, олардың кітапқа деген қызығушылығы мен ізденісін арттыруға ықпал етті.
https://www.facebook.com/share/v/17TpvkrVpJ/?mibextid=wwXIfr
Сәуір 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» «Адал азамат» жобалары аясында “Балалар әдебиеті — рухани тәрбие бастауы” Ұлттық кітап күні қарсаңында өткізілген онкүндік шарасына орай «Яссауидің рухани мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы – түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының дүниетанымдық, этикалық және діни негіздерін қалыптастыру. Оның басты еңбегі – «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) арқылы ислам құндылықтарын түркі тілінде таратып, сабырлыққа, адамгершілікке және ішкі рухани тазалыққа үйрету.
https://www.facebook.com/share/r/15gYM9qFjdB/?mibextid=wwXIfr
Сәуір 2026жыл
М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханасында “Ұлттық кітап күні” мерекесіне арналған ” БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ — РУХАНИ ТӘРБИЕ БАСТАУЫ” атты онкүндік аясында ”Балалар әдебиетінен — білім мен ғылымға” тақырыбында онкүндіктегі үздіктер шеруі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлттық кітап күніне орай балалар әдебиетін насихаттау, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру және онкүндік барысында ерекше көзге түскен оқырмандарды марапаттау.
Онкүндік қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен 3 “Б” сыныбы, 5 “А” және 7 “А” сыныптары дипломдармен марапатталды.
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артып, кітапхана оқырмандарының қатары көбейді. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеті мен шешендік дағдылары дамыды.
https://www.facebook.com/share/v/18Ejc3LKwg/?mibextid=wwXIfr
Мамыр 2026жыл
Тақырыбы: «Отты ойдың иесі — Баубек»
Өткізген: М. Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектеп кітапханашылары.
Қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары.
Іс-шараның барысы:
-Таным: Баубек Бұлқышевтың майдандағы ерлігі мен өмір жолы таныстырылды.
-Поэзия: «Өмір сүргім келеді», «Замандасыма хат» шығармаларынан үзінділер оқылды.
-Белсенділік: «Баубекті қаншалықты танимыз?» викторинасы мен «Хат жазу» тренингі өткізілді.
Көрме: Жазушының кітаптары мен нақыл сөздеріне шолу жасалды.
Қорытынды:
Оқушылар Баубек мұрасы арқылы отансүйгіштікке тәрбиеленіп, жазушының өшпес рухымен танысты. Шара мақсатына жетті.
https://www.facebook.com/share/v/18ZkdmH73z/?mibextid=wwXIfr
Мамыр 2026жыл
Тақырыбы: «Оқы, ойлан, жаса!» квест-ойынының өткізілуі туралы
Өткізілген орны: М.Ә. Сужиков атындағы №6 орта мектептің кітапханасы
Мерзімі: 18 мамыр, 2026 жыл
Қатысушылар: 5-7 сынып оқушылары
18 мамыр күні мектеп кітапханасында оқушылардың кітапқа құштарлығы мен шығармашылығын арттыру мақсатында «Оқы, ойлан, жаса!» атты интеллектуалды квест-ойын өткізілді.
Ойын 3 негізгі кезеңнен тұрды:
-«Оқы» кезеңі: Оқушылар кітапхана қорынан жасырылған мәтіндер мен қажетті әдебиеттерді іздеп тауып, кітаппен жұмыс істеді.
-«Ойлан» кезеңі: Қатысушылар логикалық сұрақтар мен ребустарды шешіп, тапқырлықтарын сынады.
-«Жаса» кезеңі: Топтар алған білімдерін іс жүзінде қолданып, кітаптарға арналған ерекше бетбелгілер мен шағын постерлер дайындады.
Қорытынды: Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың топтық жұмыс дағдысы мен кітапханаға деген қызығушылығы артты. Белсенді топтар марапатталды.
https://www.facebook.com/share/v/1GEWp4xKv2/?mibextid=wwXIfr
