Skip to content

Оқушылар «Бал-Әли* шаруашылығында

Оқушылар «Бал-Әли* шаруашылығында

Жұмысшы мамандықтар жылына орай мектебіміздің оқушылары «Бал-Әли» шаруашылығына танымдық сапар жасады. Сапар барысында балалар ауылшаруашылық еңбегінің қыр-сырымен танысып, мал өсіру, төл күту, жем-шөп дайындау сияқты маңызды жұмыстарды көзбен көрді.

✅Шаруашылық иелері оқушыларға еңбек тәртібі мен шаруашылықтағы түрлі кәсіп түрлері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Балалар өз қолымен төлдерге жем беріп, мал күтіміне қатысты қарапайым жұмыстарға да атсалысты. Бұл іс-шара оқушылардың еңбектің қадірін түсініп, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыра түсті.

✅Осындай тәжірибелік сабақтар арқылы біз болашақ жастарды еңбекке баулып, мамандық таңдауда бағыт беріп келеміз.

✅Ізгілікті еңбек берекелі өмірдің кепілі екенін ұғынған оқушылар әсерлі көңіл күймен оралды.