КІТАПХАНА ТУРАЛЫ
Мектеп кітапханасы – оқушылардың білімін жетілдіруге, кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және рухани-мәдени дамуына ықпал ететін білім ордасының маңызды бөлігі.
Кітапхана қоры оқулықтардан, көркем әдебиеттерден, энциклопедиялардан, анықтамалардан және түрлі танымдық басылымдардан тұрады. Оқушылар мен мұғалімдер өздеріне қажетті әдебиеттерді пайдаланып, білімдерін толықтыра алады.
Кітапхананың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту және білім алуға қолайлы орта қалыптастыру.
Кітапхана мектеп ғимаратының үшінші қабатында орналасқан. Жалпы ауданы – 80,8 шаршы метр.
Кітапхана екі залдан тұрады:
- Абонемент залы – оқушылар мен мұғалімдер кітаптарды үйге алып оқитын кітапхана бөлімі. Мұнда көркем әдебиеттер, оқулықтар, ертегілер, энциклопедиялар және басқа да әдебиеттер сақталады. Оқырман қажетті кітапты кітапханашының көмегімен таңдап, белгіленген мерзімге алады. Алынған кітаптарды ұқыпты пайдаланып, уақытында қайтару қажет.
- Оқу залы – мұғалімдердің және оқушылардың көркем әдебиеттермен жұмыс жасауына ыңғайлы 20 орындық, үздіксіз ғаламтор жүйесі қосылған 6 компьютерлермен жабдықталған. Жалпы кітапхана заман талабына сай «Мерейтой иелері», «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін», «Балалар кітабының сиқырлы әлемі», «Кітапхана – өнеге ордасы, білім шаңырағы» сияқты тақырыптық сөрелермен жасақталған.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі – жұма күндері 08:00 – 18:00
Үзіліс уақыты: 13:00-14:00
Әр айдың соңғы күнінде тазалық жұмысы жүргізіледі.
Мектеп кітапханашысы – оқушылар мен мұғалімдерді қажетті кітаптармен, оқу құралдарымен және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін мектеп қызметкері. Кітапхананың жемісті жұмысының кепілі – білікті мамандар. Бүгінде кітапханада 2 тәжірибелі кітапханашы жұмыс істейді:
- Кітапхана меңгерушісі – Бисариева Айгерім Қайратқызы (еңбек өтілі – 14жыл)
- Кітапханашы – Бұхарбаева Лора Бөріқожақызы (еңбек өтілі – 10жыл)
КІТАП ҚОРЫ
| № | Көрсеткіштердің атауы | 2025-2026 оқу жылы |
| 1 | Жалпы кітап қоры | 47928 дана |
| 2 | Оқулықтар | 29049 дана |
| 3 | Көркем әдебиеттер | 15127 дана |
| 4 | Әдістемеліктер | 3292 дана |
| 5 | Электронды оқулықтар | 460 дана |
| 6 | Оқырмандар саны | 395 |
| 7 | Оқырмандардың келу саны | 2337 |
| 8 | Кітап берілімі | 2108 |
| 9 | Оқулықтармен қамтамасыз етілу пайызы | 100% |

