БАСТЫ БЕТ / Мұғалім жетістіктер
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп ұлы педагог К.Д.Ушинский айтқандай, мұғалімдердің өз білімі мен білігін көтерудің бір жолы — кәсіби байқауларда бақ сынау.
Мұғалімдердің кәсіби байқаулары – шығармашылық ізденіс пен шеберліктің биік шыңын айқындайтын тағылымды алаң. Бұл байқауларда ұстаздардың білімділігі, жаңашылдығы мен өз ісіне деген сүйіспеншілігі жарқырай көрінеді. Әрбір жеңіс – табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің нәтижесі.
Біздің мектебімізде де әр түрлі деңгейдегі кәсіби байқаулар білім сапасын арттырып, педагогтеріміздің мәртебесін өсіріп, мектеп мерейін асқақтатты.
2024-2025 оқу жылында мектебімізден кәсіби байқауларға қатысқан қалалық кезеңінің жеңімпаздары:
«Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-2024» Әбдірахым Мұхамедәли 2-орын иеленді.
«Үзік сынып жетекші-2024» байқауынан Акишева Жадыра 3-орын иеленді.

2025-2026 оқу жылында мектебімізден кәсіби байқауларға қатысқан қалалық кезеңінің жеңімпазы:
«Үздік логопед-2024» Примжарова Райхан Жандосқызы 1-орын иеленсе, облыстық кезеңінен 2-орынға қол жеткізді.

«Дарынды балаларға — таланнты ұстаз» байқауының қалалық кезеңінен мектеп тәлімгері Жұмабек Аружан 3-орын иеленді
TED-X жас мамандар байқауының қалалық кезеңінен информатика пәнінің мұғалімі Қожа Нұрсұлтан 2-орын иеленді.
2024-2025 оқу жылы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр»олимпиадасының қалалық кезеңі өтті.Бастауыш сынып мұғалімі Теңізбай Гүлдана Теңізбайқызы 3-орынға ие болды.

Жалимбетова Жанара Муханбетгалиевна- III дәрежелі диплом
Аманбаева Тоғжан Қанатқызы-грамота

«Әуелі бойыңда талант болсын, талантыңа талабың қанат болсын» деген қанатты сөздің мәні зор. Біздің ұстаздарымыз да тек білім берумен ғана шектелмей, дарынды оқушылардың дарынын еңбекпен ұштастыруда үлкен еңбек етіп келеді.
Нәтижесінде білімге құштар оқушыларымыз түрлі пәндік олимпиадаларда бақтарын сынап, өздерінің мәртебесін ғана емес, мектеп мерейін асқақтатты. Әрбір жеңіс олардың табандылығы мен еңбегінің сыналар сәті болды. Кітап пен ізденісті серік еткен шәкірттер сол сыннан сүрінбей өтіп, білімнің шын мәніндегі күш екенін дәлелдеді.
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» деген халық даналығы осы жетістіктердің мәнін айқындай түскендей. Олимпиадаға қатысушы оқушылардың жанарынан сенім мен жауапкершілікті көруге болатын. Бірі математикада логиканың шыңына шықса, енді бірі тіл мен әдебиетте сөздің құдіретін танытты, ал жаратылыстану бағытындағы сайыстарда ғылымға деген қызығушылық айқын байқалды.
Бұл жеңістер — тек диплом ғана емес, болашаққа бастар нық қадам. «Еңбек пен білім — егіз» демекші, табандылық пен тынымсыз ізденіс оқушыларды биік белестерге жетеледі. Олардың жетістігі — өзгелерге үлгі, кейінгі буынға шабыт, талаптыға серпін, талапсызға түрткі.
2017-2020 оқу жылы

