Skip to content

17 сәуір күні асхана жұмысын бақылау және балалардың тамақтануын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері бірлесіп, асхана жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

М.Сужиков атындағы №6 орта мектебінде 17 сәуір күні асхана жұмысын бақылау және балалардың тамақтануын қадағалау мақсатында комиссия мүшелері бірлесіп, асхана жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

📌Тамақтану сапасына жүргізілген мониторинг кезінде комиссия мүшелерінің міндеттері:

📍Ас блогындағы, асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын;

📍Тамақ өнімдерінің сапасын, оларды жеткізу, сақтау тәртібі;

📍Ыстық тамақтың дұрыс дайындалу сапасын;

📍Оқушының жас ерекшелігіне, физиологиялық қажеттіліктеріне тамақтың сәйкес болуы;

📍Асхана қызметкерлерінің ас блогында жеке бас гигиенаның сақталуын қадағалау.

✅Мектебімізде ыстық тамақтың уақытылы, дұрыс берілуі үнемі қадағалануда.